Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Стамбулда (Түркия) өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің жекелей сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымдағы кездесуде қазақстандық теннисші испаниялық Николас Альварес Варонды екі 6-4, 6-1 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат, 3 минутқа созылды.

Фото: Андрей Ударцев