Бүгін баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қытай құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық баскетболшылар 56:68 есебімен жеңіліп қалды. 14 ұпай жинаған Рустам Мурзағалиев қазақстандықтар арасында кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы F тобында өнер көрсетеді, мұнда Австралия, Иран, Жапония және Бахрейн командалары ойнайды. Қазір уақытта Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен үшінші орында келеді.