25 тамызда Қазақстан ерлер құрамасы баскетболдан әлем кубогына Азия аймағы бойынша іріктеу кезеңі аясында Нұр-Сұлтанда Қытаймен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық баскетболшылар іріктеу кезеңінің екінші кезеңінде өнер көрсетуге кірісті. F тобында Қазақстан мен Қытай құрамаларынан бөлек Австралия, Жапония, Иран және Бахрейн құрамалары бар.

Қазақстан құрамасы алғашқы кезеңде Иран және Бахрейн құрамаларымен кездескендіктен, екінші кезеңде Қазақстан құрамасы Қытай, Жапония және Австралия құрамаларымен өз алаңында және сырт алаңда ойын өткізеді.

Қазақстан – Қытай матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:00-де басталады.