ҚКФЛ «Aqtobe City» командасы «Каспий Жастарына» қарсы сырт алаңдағы матчқа келмегені үшін техникалық жеңіс берді.

«Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің шешімімен Екінші лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігі 12-турының «Каспий Ж» - «Aqtobe City» ойынына «Aqtobe City» командасының келмеуіне байланысты Тәртіптік Регламенттің 25-бабына сәйкес ақтөбелік командаға 0:3 есебімен техникалық жеңіліс есептелді», - делінген мәлімдемеде.

«СпортРадар.kz» телеграм-каналының мәліметінше, Екінші лигада бақ сынайтын «Aqtobe City» командасы жабылудың алдында тұр. Клуб қаржылық қиындықтарға тап болды. Команда ойыншылары мен жаттықтырушылары бірнеше айдан бері жалақысын алмаған.