ҚКФЛ әкімшілігі «Астана» клубының матч өтетін уақытты өзгерту туралы өтінішін мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігі «Астана» футбол клубының өтінішін қарап, «Каспий» футбол клубының келісімі бойынша Қазақстан чемпионатының ХІХ туры аясындағы «Каспий» - «Астана» ойынын 2022 жылы 11 қыркүйектен 10 қыркүйекке ауыстырды», - деп жазды ҚКФЛ.