БАҚ-та ресейлік «Урал» футбол клубы Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевке қызығушылық танытып отыр деген ақпарат тарады, деп жазады Prosports.kz.

Мetaratings сайтының хабарлауынша, Адиев мырза бұл ақпаратқа байланысты кем дегенде Ұлттар лигасы аясындағы қалған матчтарды аяқтайтынын айтқан.

«Урал» қызығушылық танытып отыр ма? Ұлттар лигасының қалған екі ойыны - Беларусь пен Әзірбайжанға қарсы матчты аяқтаймын», - деді ресейлік маман.

Айта кетейік, Магомед Адиевтің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында төрт матч өткізіп, үш рет жеңіске жетті және бір ойында тең түсті.