Биыл Республикада алғаш рет бәйгеден Қазақстан чемпионаты басталды. Алғашқы кезең Алматыда шілде айының басында өтті. Ал сайыстың екінші кезеңі осы сенбіде, Ақтөбе қаласында 23 шілдеде өтеді.

Бәйгенің жалпы жүлде қоры 16 млн теңге. Барлығы 5 кезең мен финал үшін қатысушылар 100 млн теңгеден астам ұтыс үшін бақ сынасады.

OLIMPBET Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты үш тәртіпте өтеді: құнан бәйге, топ бәйге мен аламан бәйге. Бірінші орын үшін жүлде қоры 2 милионнан 4 милион теңгеге дейін, ал 15 қазан 2022 жылы Алматыда өтетін финалда жеңімпаздар 3 милионнан 6 милион теңгеге дейін алады. Екінші орыннан бесінші орынға дейін жеңімпаздарға әр кезеңде және финалда 100 мыңнан 2,2 млн теңге беріледі.