4-19 маусым күндері елордада ат жарысы маусымының ашылуына орай ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді.

Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1,5 млн теңге.

Нұр-Сұлтан қаласында 3-19 маусым күндері, «Қазанат» атшабарында жамбы ату мен теңге ілуден ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында Қазақстан Чемпионаты өтеді. Және де, 4 маусым күні шабандоздар тай, құнан, топ және аламан бәйге түрлерінен сынға түседі.

Жамбы ату мен теңге ілу жарысына еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 150-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде.