Атырау облысында ел Тәулесіздігінің 30 жылдығына орай ұлттық ат спортынан «SULO CUP» батыс аймақтық ашық турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, турнир 12-13 қарашада Махамбет ауданының Кеңөріс ауылында өтті.

«Турнирдің жүлде қоры – 14 млн 500 мың теңге. Оған батыс өңірлерінен келген спортшылар қатысты. Тартысты өткен дүбірлі доданың нәтижесінде аламан бәйге, көкпар сайысы мен құнан бәйгеде оза шапқан мықтылар анықталды», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.