Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан WTA сериясы турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финалдық кездесуде қазақстандық словакиялық Анна Каролина Шведлованы 6:4, 6:1 есебімен ұтты.

Матч ұзақтығы 1 сағат 37 минутты құрады.

Ширек финалға шығу үшін Путинцева Петерсон Р. (Швеция) - Пигосси Л. (Бразилия) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.