Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко жекелей сында Веронада өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің екінші кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz .

Қазақстандық бірінші айналымда Италия өкілі Рауль Бранкаччодан 1-6, 6-4, 2-6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 2 сағат 3 минутқа созылды.