Ресей теннис федерациясының (RTF) президенті Шамиль Тарпищев өзін орыс мектебінің өнімі санамайтын қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Рыбакина өзін орыс мектебінің өнімі санамаймын деді ме? Тағы не айтады екен? Сұраққа жауап: ол біздің елде 11 жыл жаттықты, сонда кімнің өнімі? Онда еш жерде жаттықпай-ақ чемпион болғанын айтсын. Ал Куликовская оны үйретпеді? Күлкілі. Түсініңізші, әркім өзі тұрған жағын қорғайды. Мен мүлде жауап бермес едім», - деді Тарпищев чемпионаттың тілшісі Мишель Антоновқа берген сұхбатында.

Еске салайық, Рыбакина Мәскеуде туып, ұзақ уақыт Ресейде жаттығады, бірақ кейін азаматтығын ауыстырып, Қазақстан атынан шығып жүр.