Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Болат Тұрлыханов кубогы үшін халықаралық рейтингтік турнирдің соңғы күні өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін сегіз салмақ дәрежесінде еркін күрестен медальдар сарапқа салынды.

Қазақстандық еркін күрес шебері Болат Сақаев (79 келі) финалдық белдесуде Қырғызстан өкілі Саяқбай Усуповты жеңіп, турнирдің «алтынын» жеңіп алды.