Қазақстандық балуан Акбар Құрбанов Ұлан-Батырда еркін күрестен Азия чемпионатында жүлде алды.

Акбар Құрбанов 61 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Ол бахрейндік Әлібек Әлібеговтен тартысты бәсекеде 5:4 есебімен айласын асырды.