Ұлан-Батырдағы еркін күрестен Азия чемпионатында қазақстандық Нұрқожа Қайпанов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол осыған дейін екі мәрте Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған еді. Бұл жолы 74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа ирандық Йонес Алиакбар Эмамичогаеймен белдесті.

Қарсыластар бұдан бұрын өзара бір рет күресіп, онда Қайпанов ұтқан еді. Бүгін жеңіс ирандық балуанның еншісінде кетті - 2:5. Н. Қайпанов күміс медальді қанағат тұтты.