Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған отандасымыз әлемнің 22-ракетасы америкалық Мэдисон Кистен жеңілді.

Айта кетейік, 2 сағат 11 минутқа созылған тартысты кездесу 6:3, 1:6, 6:7 есебімен аяқталды.