Қазақстандық теннисші Александр Бублик Франция ашық чемпионатының жұптық сынында ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымда отандасымыз австралиялық теннисші Танаси Коккинакиспен бірге Иван Додиг (Хорватия) / Остин Крайчек (АҚШ) жұбынан есе жіберді.

Кездесу 3:6, 2:6 есебімен аяқталды.