20 мамырда Алматыда OCTAGON лигасының кезекті турнирі өтеді, оның басты жекпе-жегінде Қасым Әнуарбек (6-2) Руслан Рустамовпен (12-9) кездесіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Алдағы ивенттің кардында тағы бір отандық файтер Дархан «Мотиватор» Сқақов (6-3) өнер көрсетеді, ол промоушенде қатарынан екі жеңісінен кейін Colosseum MMA чемпионы тәжікстандық Шодруз Шермамадовпен (3-0-1) кездеседі.

Prosports.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық спортшы тәжікстандық файтер және алдағы жекпе-жек туралы пікірін бөлісіп, қарсыласынан басымдығын атады.

- Дархан, О30 турниріне дайындығыңыз қайда және қалай өтіп жатыр?

- Дайындық әдеттегідей Tobet Top Team-де өтіп жатыр.

- Сіз былтыр қыркүйекте Шохрух Ураловты жеңгеннен бері сегіз айға жуық уақыт бойы сегізбұрышқа шықпадыңыз. Жекпе-жектегі тәжірибенің жетіспеушілігі сезіле ме?

– Жоқ, өйткені мен Қазақстан чемпионатында жекпе-жектен өнер көрсеттім, ол жақта барлығы кәсіпқой файтерлер.

- Қатарынан екі жеңістен кейін қарсыласыңыз жеңіліп көрмеген тәжікстандық Шодруз Шермамадов болады. Қарсылас туралы пікіріңіз қандай және оның мықты жақтары неде?

– Менің ойымша, ол мықты деңгейде емес. Оның күшті жақтары - физикалық күш пен жеңіске деген жігер.

- Шермамадов кәсіби карьерасында әлі жеңіліп көрген жоқ. Бұл сіздің міндеттеріңізді қиындата ма?

– Оның рекорды бұл жекпе-жекке деген қызығушылықты арттырады.