Қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек мансабын аяқтағаны туралы мәлімдеме жасады.

Спортшы Instagram-парақшасында отбасылық жағдайға байланысты мансабын аяқтайтынын хабарлап, спортқа оралатын-оралмайтыны белгісіз екенін айтты.

Қаршыға Дәуітбек мансабында 17 жекпе-жек өткізіп, оның 14-де жеңіске жетті. Соңғы айқасында ресейлік Валодя Айвазяннан басым түскен еді.