UFC файтері Рафаэль Физиев қазақстандық Шавкат Рахмоновпен өткізген спарринг туралы пікірін айтты.

«Шавкатпен көп жаттығамын. Спаррингті жиі өткіземіз. Кейде спаррингтеріміз 6 раундқа дейін созылады.

Онымен жұмыс істеген ұнайды. Бойшаңдығы қиынға соғады. Сондықтан өзімнің мықты бола түскенімді байқаймын», – деді Физиев MMA RUSSIA басылымына.