Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Анталияға (Түркия) келді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұнда спортшылар оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдайды. Алдағы ұлттық чемпионатқа, сондай-ақ осы жазғы маусымды ашатын басқа да халықаралық жарыстарға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Команда құрамында 32 спортшы мен жаттықтырушы дайындалуда. Оқу-жаттығу жиыны 7 маусымға дейін жалғасады.