Көркем гимнастикадан Ташкенттегі әлем Кубогы жарысы мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті.

Қазақстан спортшылары шар/лента және ілпекпен жаттығуларыда қола жүлдені жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы сапында Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мурзағалиева, Рената Жолдинова, Айдана Шаяхметова, Аружан Қасенова, Әсел Шүкірбай сынға түсті.