Қазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан Чехияда халықаралық жарысқа қатысты.

Қазақстан құрамасының мүшесі Галина Якушева спорттық жүріс бойынша WA Race Walking Tour Gold Meeting додасында бақ сынады.

Отандасымыз 20 км қашықтықты 1:35:44 уақытта бағындырды. Жарыс қорытындысы бойынша ол 17-ші орынға жайғасты.

Айта кетерлігі, аталған жарыста Мексика спортшысы Ортуно Валерия топ жарды.