Волейболдан жоғарғы лигадағы 23 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша 80 ұпай еншілеген "Қуаныш-2" құрама командасы Қазақстан чемпионы атанды.

Бес кезең нәтижесінде 69 еншілеген "Алтай-4" екінші, ал 66 ұпайы бар "Алтай-2" үшінші орыннан көрінді.

Жалпы турнир кестесі келесідей:

1. "Қуаныш 2" (80 ұпай)

2. "Алтай 4" (69 ұпай)

3. "Алматы 2" (66 ұпай)

4. "ERTIS-2" (61 ұпай)

5. "Алтай-3" (58 ұпай)

6. "Жетісу-2" (42 ұпай)

7. "Қарағанды-2" (30 ұпай)

8. "Хайқаракөз-2" (24 ұпай)

9. "Ару Астана-2" (2 ұпай)