«Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының көшбасшысы мәскеулік ЦСКА командасына қарсы кездесуін Алматыда өткізді.

Балуан Шолақ спорт кешенінде өткен ойынға 2557 жанкүйер жиналды. Алматыда ұзақ уақыттан баскетболдан халықаралық деңгейдегі ойын өтпегенін ескерсек, аренаға жиналған жанкүйерлер отандық командаға қызу қолдау көрсетіп, өздерінің сүйікті ойыншыларының ойынын тамашалап, естелік суретке түсіп, тамаша ойынның куәсі болды.

Ал елордадан келген ұжым жергілікті жанкүйерлерді қуанту үшін барын салғанымен, қорытынды есепте 48:96 есебімен жол берді.