Волейболдан 23 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасында ел үздігі анықталды
![Волейболдан 23 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасында ел үздігі анықталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202204/472_fadb0948e3c6d5bd54b5e6d4ecfd7d61.jpg?v=28641743)
Волейболдан жоғарғы лигадағы 23 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша 80 ұпай еншілеген "Қуаныш-2" құрама командасы Қазақстан чемпионы атанды.
Бес кезең нәтижесінде 69 еншілеген "Алтай-4" екінші, ал 66 ұпайы бар "Алтай-2" үшінші орыннан көрінді.
Жалпы турнир кестесі келесідей:
1. "Қуаныш 2" (80 ұпай)
2. "Алтай 4" (69 ұпай)
3. "Алматы 2" (66 ұпай)
4. "ERTIS-2" (61 ұпай)
5. "Алтай-3" (58 ұпай)
6. "Жетісу-2" (42 ұпай)
7. "Қарағанды-2" (30 ұпай)
8. "Хайқаракөз-2" (24 ұпай)
9. "Ару Астана-2" (2 ұпай)