Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы Азия чемпионатына аттанды.

Бұрымды балуандар Азия чемпионатына соңғы дайындық жұмыстарын Моңғолия астанасы Ұлан-баторда пысықтайды. Күрес түрлерінен Азия чемпионаты 19 сәуір мен 24 сәуір аралығында Моңғолияда өтеді.

Айта кетерлігі, құрлықтық біріншілікте ел намысын он спортшы қорғайды:

50 келі: Айгүл Нұрәлім;53 келі: Жұлдыз Ешімова;55 келі: Алтын Шағаева;57 келі: Нилуфар Райымова;59 келі: Диана Каюмова;62 келі: Аяулым Қасымова;65 келі: Дариға Әбен;68 келі: Мадина Бақбергенова;72 келі: Жәмила Бақбергенова;76 келі: Гүлмарал Еркебаева.