Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына аттанды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызӘйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы Азия чемпионатына аттанды.
Бұрымды балуандар Азия чемпионатына соңғы дайындық жұмыстарын Моңғолия астанасы Ұлан-баторда пысықтайды. Күрес түрлерінен Азия чемпионаты 19 сәуір мен 24 сәуір аралығында Моңғолияда өтеді.
Айта кетерлігі, құрлықтық біріншілікте ел намысын он спортшы қорғайды:
50 келі: Айгүл Нұрәлім;
53 келі: Жұлдыз Ешімова;
55 келі: Алтын Шағаева;
57 келі: Нилуфар Райымова;
59 келі: Диана Каюмова;
62 келі: Аяулым Қасымова;
65 келі: Дариға Әбен;
68 келі: Мадина Бақбергенова;
72 келі: Жәмила Бақбергенова;
76 келі: Гүлмарал Еркебаева.