Қазақстандық теннисші Анна Данилина Australian Open турнирінің жұптық сынында 1/8 финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге екінші айналымнан сәтті өтті. Бұл кезеңде олар чехиялық Мартинцова/Вондроушова жұбын жеңді.

1 сағат 39 минутқа созылған кездесу 4:6, 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.

1/8 финалда олар Алена Большова/Ульрикке Эйкери — Мария Боузкова/Луция Градецкая жұбының жеңімпазымен кездеседі.