Қазақстандық теннисші Александр Бублик польшалық Ян Зелинскиймен бірге Австралия ашық чемпионатының жұптық сынында екінші айналымға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда қазақ-поляк жұбы америкалық Маркос Хирон мен оңтүстіккореялық Квон Сун Вуға есе жіберді.

56 минутқа созылған кездесу 3:6, 4:6 есебімен аяқталды.