Еркін күрестен Қазақстан құрамасының капитаны Дәулет Ниязбеков спорт мансабын ресми түрде аяқтады.

Бұл ақпаратты құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев хабарлады.

Дәулет Ниязбеков әлем чемпионатының күміс және қола жүлдесін жеңіп алған. Ал Азия чемпионатының үш дүркін чемпионы атанып, төрт рет қола медальді иемденді.