Нұр-Сұлтандағы "Жекпе-жек" сарайында еркін күрестен ел чемпионатының финалдық бәсекелері жалғасуда деп хабарлайды Olympic.kz.

86 келіге дейінгі салмақта Шығыс Қазақстан облысының өкілі Азамат Дәулетбеков чемпион атанды. Ол финалда ақтөбелік Абылайхан Нұрсұлтановпен белдесуі керек еді. Алайда, Абылайхан белгісіз себептермен жекпе-жектен бас тартты.

Ал қола медальді шымкенттік Мақсат Сатыбалды мен Батыс Қазақстан облысының балуаны Нұржан Исағалиев жеңіп алды.