Нұр-Сұлтанда еркін күрестен Қазақстан біріншілігінде 65 келіге дейінгі салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл салмақта чемпиондық атақты елордалық Санжар Досжанов иеленді. Ол финалда Әділ Оспановты 3:0 есебімен жеңген.

Қола жүлдені павлодарлық Рифат Сайболатов пен алматылық Яссауи Мұхтарұлы жеңіп алды.