Еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақта ел чемпионы атанған Санжар Досжанов белдесуден кейін өз пікірімен бөлісті.

- Финалдық кездесу оңай өткен жоқ. Алайда, ел чемпионатына жақсы дайындықпен келдім. Осы жарысқа дайындаған бапкерлерімнің үмітін ақтадым деп ойлаймын. Бұл әлі бастамасы. Алдағы уақытта бұдан үлкен әлемді жарыстарға қатысып, еліміздің байрағын көкке көтеруді мақсат еттім, - дейді Санжар.

Еске сала кетейік, финалда Санжар Досжанов ұлттық құрама мүшесі Әділ Оспановты 3:0 есебімен ұтты.

Күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатыр.