5 желтоқсанда гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Испанияда 2021 жылы өтетін әлем чемпионатының бастапқы кезеңінде екінші кездесуін өткізеді. Қазақстандық волейболшылардың қарсыласы Румыния құрамасы болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бастапқы кезеңде қазақстандық гандболшылар Норвегия құрамасынан (18:46) жеңіліс тапты. Ал Румыния гандболшылары Иран құрамасын (39:11) ұтты.

Румыния - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:50-де басталып, мына СІЛТЕМЕ арқылы қолжетімді болады.