Гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы Испаниядағы әлем чемпионаты аясында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы кездесуінде жерлестеріміз Норвегиядан 46:18 есебімен жеңілді.

Қазақстан құрамасы енді 5 желтоқсанда Румыниямен кездеседі.

Айта кетейік, әлем чемпионатының алғашқы кезеңінде 32 қатысушы төрт командадан сегіз топқа бөлінеді. Әр топтан үш команда негізгі кезеңге өтеді. Төртінші орын алған командалар Президент кубогын сарапқа салады.

Бұл кезеңде Қазақстан құрамасы С тобында Норвегия, Румыния және Иранмен күш сынасады.