Бұл күндері Испанияда әйелдер арасында гандболдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан құрамасы жеңілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық гандболшылар Норвегия құрамасындағы қарсыластарынан 46:18 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстандық гандболшылар «С» тобындағы келесі кездесуде Румыниядан келген қарсыластарымен кездеседі. Қазақстан – Румыния кездесуі 5 желтоқсаннан 6 желтоқсанға қараған түні өтеді.