«Аталанта» бас бапкері Джан Пьеро Гасперини өз орнында қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

63 жастағы маман бергамолық клубпен жаңа келісімге қол қойды. Келісім 2024 жылға дейін жарамды, оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

Гасперини «Аталанта» тізгінін 2016 жылы ұстады. Бергамолықтар бүгінге дейін маманның жетекшілігімен 259 кездесу өткізген.