Бір күн бұрын «Алтын доп» жүлдесін алған ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси команданың сейсенбі күнгі жаттығуына келмеді, деп жазады Prosports.kz.

GFFN хабарлауынша, Мессиден бөлек тағы бір аргентиналық ойыншы Леандро Паредес негізгі топта жаттығуда болмады.

Екі ойыншы да гастроэнтерит (асқазанның және аш ішектің қабынуы) белгілеріне байланысты жаттығуға қатыспады.

1 желтоқсанда өтетін «Ниццаға» матчқа Месси мен Паредес қатыспауы мүмкін.