Қазақстан уақыты бойынша 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні Италия чемпионатының 15-ші турының алғашқы төрт ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Аталанта» өз алаңында «Венецияны» 4:0 есебімен ұтып, қатарынан төртінші жеңісіне жетті. Туриндік «Ювентус» «Салернитананы» 2:0 есебімен ұтса, «Фиорентина» өз алаңында «Сампдориямен» өткен ойында (3:1) басым түсті. «Верона» мен «Кальяри» тең тарқасты – 0:0.

«Аталанта» үшінші орында тұрған «Интерді» қуып жетті. «Ювентус» пен «Фиорентина» өз кезегінде 24 ұпай жинап, бесінші қатардағы «Ромаға» жақындады.

«Фиорентина» (Флоренция) – «Сампдория» (Генуя) 3:1 (3:1)Гол соққандар: 0:1 – Габбьядини (15), 1:1 – Кальехон (23), 2:1 – Влахович (32), 3:1 – Соттиль (45)

«Аталанта» (Бергамо) – «Венеция» (Венеция) 4:0 (2:0)Гол соққандар: 1:0 – Пашалич (7), 2:0 – Пашалич (12), 3:0 – Копмейнерс (57), 4:0 – Пашалич (67)

«Салернитана» (Салерно) – «Ювентус» (Турин) 0:2 (0:1)Гол соққандар: 0:1 – Дибала (21), 0:2 – Мората (70)

«Верона» (Верона) – «Кальяри» (Кальяри) 0:0 (0:0)

Фото football-italia.net