25 қарашада алматылық «Қайрат» Конференциялар лигасы топтық кезеңінің 5-турында өз алаңында швейцариялық «Базельді» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылықтар плэй-офф кезеңінің жолдамасынан қағылды, алайда еурокубоктың топтық кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізуге тырысатыны анық. Бірақ Құрбан Бердыев шәкірттерінің қарсыласы бүгін алаңға ерекше жігермен шығады. Себебі «Базель» Н тобында екінші орында келеді, әзербайжандық «Карабахтан» екі ұпайға қалып тұр. Швейцариялықтар топта бірінші орын алып, 1/8 финалға шығуға тырысады. Сондықтан Алматыдан үш ұпаймен қайтуды жоспарлап отыр.

«Қайрат» – «Базель» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:20-да басталады, оны мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Фото fckairat.com