«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-турында франциялық ПСЖ-ны (2:1) жеңді. Париждік клубтың ойыншысы Лионель Мессидің бұл кездесудегі статистикасы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Месси бұл матчта бір ғана соққы жасаған, бірақ ол қарсылас қорғаушысына тиген. Пастарының дәлдігі - 89 пайыз (44 пастың 39-ы дәл жеткен).

Сондай-ақ, Месси қарсыласын бір мәрте алдап өткен, 7 рет допты жоғалтып алған.