Версаль соты Карим Бенземаға әріптесі, Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Матье Вальбуэнаны бопсалау ісі бойынша үкім шығарды.

Бензема мен тағы төрт күдікті бопсалау фактісі бойынша кінә деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айыру және 75 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

Айта кетейік, 2015 жылы Карим Бензема әріптесі Матье Вальбуэна түскен интимдік видеоны жарияламауға қатысты істе делдал болған. Алайда футболшының өзі кінәсін мойындаған жоқ.