Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалдық кездесулері аяқталып, ақтық сынға жолдама алған қос команда анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Финалда алматылық «Қайрат» пен қарағандылық «Шахтер» кездеседі.

Назарларыңызға Қазақстан кубогының қазіргі сәттегі үздік сұрмергендер тізімін ұсынамыз.

8 – Айдос Тәттібаев («Шахтер»);

5 – Ельмар Набиев (СДЮСШОР №8), Артур Шушеначев («Қайрат»);

4 – Тошич, Сергеев (екеуі де - «Тобыл»), Дугалич, Канте (екеуі де - «Қайрат»);

3 – Сейітов («Қыран»), С.Астанов («Ордабасы»), Нкоби («Тұран»), Оралбай, Люхай, Рустемов (бәрі – «Мақтаарал»), Козлов («Ақжайық»), Өміртаев, Умаев, Атанаскоски (бәрі – «Шахтер»), Ненадович («Тараз»), Смайлагич («Қызыл-Жар»), Вагнер Лав («Қайрат»).