«Қайрат» Құрбан Бердыевтің жалақысына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«БАҚ өкілдерінде және басқа да әлеуметтік желілерде «Қайрат» ФК-ның бас бапкері Құрбан Бердыевтың жалақысы туралы ақпарат тараған болатын.«Қайрат» футбол клубы ресми түрде бұл ақпарат жалған екенін хабарлайды және де еңбек шартына байланысты маманның нақты жалақысы туралы ақпаратты жариялауға болматынын хабарлаймыз», - деп жазылған хабарламада.