Константин Горовенко мен Денис Мамонов Санкт-Петербургтің «Зенитінде» тағылымдамадан өтті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

«Мақтаарал» клубының бас бапкері Константин Горовенко мен «Жетісудың» жаттықтырушысы Денис Мамонов Василий Галяминнің көмегімен қарашаның 15-і мен 20-сы аралығында «Зенитте» тағылымдамадан өтіп, аталған клубтың бас бапкері Сергей Семак және оның көмекшісі, «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Анатолий Тимощукпен тәжірибе алмасты.

Сондай-ақ қазақстандық мамандар РПЛ «Зенит» - «Нижний Новгород» матчын тамашалады.