Қостанайлық «Тобыл» көшбасшыларының бірі Алекс Амановичті командада қалдырмақ ниетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ekipa.mk сайтына сілтеме жасап.

Қостанайлық клубтың бірнеше ойыншысының келісімшарты аяқталған, оның ішінде македониялық Алекс Аманович те бар. Бірақ ел чемпионы оған жаңа келісімшарт ұсынбақ.

Аманович «Тобыл» сапында 2020 жылдан бері ойнайды. 2021 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатында 24 матч өткізіп, үш гол соққан.