Самбодан Өзбекстаннда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Гүлдана Әлмұханбетова финалда моңғолиялық Баярма Нехиитбаарды 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Ал 98 келі салмақта Райхан Мади жарақатына байланысты финалға шыға алмай, күміс жүлдені иемденді.