12-14 қараша аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ерлер мен әйелдер арасында спорттық самбодан, тағы ерлер арасында жауынгерлік самбодан Әлем чемпионаты өтеді. Бәсеке барысында самбошылар алғаш рет 7 салмақта кім мықтыны анықтайды.

Ерлер: 58 кг, 64 кг, 71 кг, 79 кг, 88 кг, 98 кг, +98 кг.

Әйелдер: 50 кг, 54 кг, 59 кг, 65 кг, 72 кг, 80 кг, +80 кг.

Жауынгерлік самбо бойынша: 58 кг, 64 кг, 71 кг, 79 кг, 88 кг, 98 кг, +98 кг.

Әлем чемпионатының жүлде қоры – 231 000 АҚШ доллары. Әр салмақтағы жеңімпаз – 4000, күміс жүлдегер – 3000, қола жүлдегерлер – 2000 АҚШ долларына ие болады.

Жалпы чемпионатқа 50-ге жуық мемлекеттің спортшысы келеді деп жоспарланған. Бұл қатарда Әзірбайжан, Алжир, Армения, Бахрейн, Болгария, Бразилия, Буркина-Фасо, Венесуэла, Гвинея, Германия, Греция, Грузия, Доминикан Республикасы, Египет, Израиль, Индонезия, Иордания, Иран, Ирландия, Испания, Италия, Қазақстан, Камерун, Кипр, Қырғыз Республикасы, Колумбия, Корея, Коста-Рика, Литва, Мали, Марокко, Мексика, Молдова, Моңғолия, Нигер, Нидерланды, Беларусь Республикасы, Румыния, Солтүстік Македония, Сербия, АҚШ, Тәжікстан, Тринидада және Тобаго, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина, Филиппин, Франция, Хорватия, Швейцария және Ресей самбо федерациясы бар.

Әлем чемпионатында Қазақстан намысын келесі спортшылар қорғайды:

Ерлер:

58 келі - Болатбек Райымқұлов

64 келі - Рахат Жананиет

71 келі - Нұрбол Серіков

79 келі - Айдын Дартаев

88 келі - Еркебұлан Қалеш

98 келі - Марат Байқамұров

+98 келі - Темірлан Көлбай

Әйелдер:

50 келі - Айжан Жылқыбаева

54 келі - Гүлдана Әлмұханбетова

59 келі - Маржан Бизақ

65 келі - Ажар Салықова

72 келі - Ділдаш Құрышбаева

80 келі - Азман Амаева

+80 келі - Арайлым Абенова

Жауынгерлік самбодан:

58 келі - Нүркен Домбаев

64 келі - Әділбек Сеисов

71 келі - Аманжол Нұралыұлы

79 келі - Нұрлан Тұрғанбаев

88 келі - Умар Янковский

98 келі - Райхан Мади

+98 келі - Максұт Дайырбаев

Айта кетейік, биыл Халықаралық самбо федерациясын Халықаралық Олимпиада комитеті тұрақты мүше ретінде мойындаған болатын. Әлем чемпионатын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.