Белградта өтіп жатқан Әлем чемптонатының финалында 4 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады.

Жаһандық доданың алтынына таласатын жігіттеріміз: Теміртас Жүсіпов, Сакен Бибосынов, Махмуд Сабырхан, Серік Теміржанов. Бүгін екі боксшымыз алтын жүлде үшін жұдырықтысады.

Бүгінгі финалдың жұптары:

48 кг. Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) — Вуттичай Юрачай (Таиланд)54 кг. Махмуд Сабырхан (Қазақстан) — Томоя Цубои (Жапония)60 кг. Абдумалик Халоков (Узбекистан) — Софьян Умиа (Франция)67 кг. Севонрец Окадзава (Жапония) — Омари Джонс (АҚШ)75 кг. Йоэнлис Эрнандес Мартинес (Куба) — Джамбулат Бижамов (Ресей)86 кг. Кено Мачадо (Бразилия) — Лорен Альфонсо Домингес (Әзербайжан)+92 кг. Давит Чалоян (Армения) — Марк Петровский (Ресей).

Бокстан Белградтағы әлем чемпионаты финалы 23:00-де басталады. Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.